«АЭҮК» АҚ сайтында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС «Жеке кабинет» сервисін пайдалану ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Ережелер Пайдаланушының «АЭҮК» АҚ сайтында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС «Жеке кабинеті» сервисі қызметтерін пайдалануын және «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС (әрі қарай - Компания) және «Жеке кабинет» сервисінде тиісті түрде тіркелген жеке тұлға (әрі қарай - Пайдаланушы) арасындағы ақпарат алмасудың құпиялылығын реттестіреді, «Жеке кабинет» сервисін пайдалану кезіндегі жеке деректемелерінің сақталуын және оларға заңсыз түрде қол жеткізуді болдырмауды қамтамасыз ете отырып өзара құқықтарын, міндеттері және жауапкершіліктерін анықтайды.

1.2. «Жеке кабинет» сервисі Компанияның қызметімен байланысты жүйенің веб-интерфейсіне Пайдаланушының қол жеткізуін қамтамасыз етеді. «Жеке кабинет» сервисінің қызметтері осы Ережелер негізінде Интернет желісіне қол жеткізу мүмкіндігі және веб-интерфейсімен жұмыс істеу үшін орнатылған бағдарламалық қамсыздандыруы бар Пайдаланушыларға ұсынылады (браузер).

1.3. Пайдаланушы «Жеке кабинет» сервисін пайдалануды осы Ережелерге сай жүзеге асыруы керек. «Жеке кабинет» сервисін пайдалана бастағанға дейін Пайдаланушы аталған құжатпен танысуға міндетті.

1.4. Пайдаланушы Компанияның деректер базасына жіберілген ақпарат үшін толық жауапкершілікте болатындығын түсінеді және қабылдайды.

1.5. Пайдаланушы «Жеке кабинет» сервисін нақты тағайындалуынан басқа мақсаттарда пайдаланбауға міндеттеледі.

1.6. Жіберілген деректемелердің дұрыстығына Компания күмән келтірген жағдайда, соңғысы жіберілген деректемелерді есепке алмауға құқылы болатындығы туралы Пайдаланушы хабардар және оған келіседі.

1.7. Пайдаланушы «Жеке кабинет» сервисінде тіркелу кезінде көрсетілген электронды поштасының мекенжайына тұтынылған электр энергиясы үшін қарызы туралы хабарламаларды алуға, «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-мен өзара қарым-қатынастарына қатысты құжаттарды және басқа да ақпаратты ұсыну қажеттілігі туралы хабарламарды алып тұруы жөнінде келісімін береді.

2. Қол жеткізе алу ережесі.

2.1. «Жеке кабинет» сервисіне қол жеткізе алу Ереже мәтінінің астында орналасқан «Мен Ереже талаптарын қабылдаймын» веб-интерфейсінің басқару элементін Пайдаланушы басуы түріндегі, Пайдаланушының осы талаптарға келісімін білдіру жолымен жүзеге асырылады.

2.2. Пайдаланушы тіркеу рәсімінен өтуі керек:

- осы Ережелердің талаптарына келісімін білдіру

- тіркеу нысанын толтыру.

2.3. Пайдаланушы Тіркеу нысанында ұсынылатын сұрақтар бойынша шынайы, нақты және толық ақпаратты ұсынуға келіседі. Егер Пайдаланушы қате ақпарат ұсынса, немесе Компанияда Пайдаланушы ұсынған ақпараттың қателігі, толық еместігі немесе нақты болмауы мүмкін деп ойлауға негіздері болса Компания Пайдаланушыға «Жеке кабинет» сервисін пайдалануынан бас тартуға құқығы бар.

2.4. Тіркеу үрдісі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде тіркеуге өтінімді толтырудың дұрыстығы тексеріледі. Тексеруден өткен соң Пайдаланушыға тіркеу нысанында көрсетілген электронды пошта мекенжайына «Жеке кабинет» сервисіне аккаунттың активациялануы туралы хабарлама, қол жеткізу үшін құпиясөз және логин жолданады. Пайдаланушы өз құпиясөзінің қауіпсіздігі, сонымен қатар оның құпиясөзі арқылы «Жеке кабинет» сервисінде істелетін барлық іс-әрекеттер үшін жауапкершілікте болады.

3. «Жеке кабинет» сервисі қызметтерін ұсынуды тоқтату

3.1. Компания кез келген себептен Пайдаланушының құпиясөзінің күшін тоқтату құқығын өзіне қалдыратынына келіседі. «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС «Жеке кабинет» сервисі бойынша қызметтерді пайдалануды өтеусіз түрде ұсына отырып, алдын-ала хабарлама бермей «Жеке кабинет» сервисінің немесе оның бөлімдерінің жұмысын кез келген уақытта тоқтата алады.

3.2. Пайдаланушы Электрмен жабдықтау шартын жасасу орны бойынша Компанияның аудандық бөлімшесіне жүгіне отырып, «Жеке кабинет» сервисі қызметінен бас тартуға құқылы.

3.3. «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-мен электрмен жабдықтау шартын бұзған жағдайда (оның ішінде меншік иесінің ауысуы), жылжымайтын мүліктің бұрынғы иесі үшін «Жеке кабинет» сервисі бұғатталады.

4.«Жеке кабинет» сервисін пайдалану кезінде қауіпсіздікті сақтау.

4.1. Пайдаланушы, Пайдаланушының қол жеткізуге арналған құпиясөзін жасырын ұстауға міндеттенеді.

4.2. Пайдаланушы «Жеке кабинет» сервисінің қандай да бір бөліктерін қайта жаңғыртпауға, көшірмелемеуге, сатпауға және қайталап сатпауға, сонымен қатар коммерциялық мақсатта пайдаланбауға міндетті. Пайдаланушы және үшінші тараптар арасындағы шарттар бойынша Компания жауапкершілікте болмайды.

4.3. Пайдаланушы Компанияның деректер базасындағы Пайдаланушының өз ақпаратынан басқа, сонымен бірге «Жеке кабинет» сервисіндегі Компанияның жалпыға ортақ қолжетімді ақпаратынан басқа кез келген басқа ақпаратқа қол жеткізуге құқы жоқ.

5. «Жеке кабинет» сервисінде қызметтерді көрсету кезіндегі кідірістер

5.1. Компания «Жеке кабинет» сервисінде қызмет көрсетуді уақытша тоқтата тұрып профилактикалық жұмыстарды жүргізуге құқығы бар.

6. Ережелерге өзгерістер және толықтырулар енгізу

6.1. Компания «Жеке кабинет» сервисінің қызметін пайдалану ережесі және оған қойылатын шектеулерді алдын-ала хабарлама бермей, кез келген уақытта ауыстыра алатындығын Пайдаланушы мойындайды.